НАТО Бас хатшысы: Ресейдің Солтүстік Корея, Қытай, Иранмен ынтымағы Еуропаға қауіп төндіреді
Фото: Vladimir Smirnov/POOL/TASS/dpa/picture alliance
picture alliance
Әлем13 қараша 2024, 16:45

НАТО Бас хатшысы: Ресейдің Солтүстік Корея, Қытай, Иранмен ынтымағы Еуропаға қауіп төндіреді

НАТО Бас хатшысы Ресейдің Солтүстік Корея, Қытай және Иранмен ынтымақтастығы Еуропаға қауіп төндіретінін айтты. «Ресей Солтүстік Корея, Иран және Қытаймен жұмыс істейді», - деді Марк Рютте Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуде. «Иә, бұл Еуропадағы, сонымен қатар Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы және Солтүстік Америкадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді» деді, - деп хабарлайды Arbat.media.

9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясы мен КХДР арасындағы «жан-жақты стратегиялық серіктестік» туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасына қол қойды.

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның мәліметінше, қазірдің өзінде Ресейде он мыңнан астам солтүстіккореялық сарбаз бар.

Тегеран Мәскеуді ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандармен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ Қытай Ресей Федерациясына Украинамен соғыста көмектесті деп бірнеше рет айыпталған.

НАТО бас хатшысы еуропаға қауіп Ресей ынтымақтастығы

Тақырыпқа жаңалықтар