Әлем15 маусым 2024, 5:17

НАТО Германияда Украина миссиясының штаб-пәтерін құрды

НАТО Германияда Украина миссиясының штаб-пәтерін құрды. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельдегі НАТО қорғаныс министрлерінің кездесуінен кейін мәлім еткендей, ол Гессен астанасы Висбаденде орналасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазір ол жерде 1949 жылы құрылған АҚШ-тың әскери базасы бар.

Украинаға қару-жарақ жеткізуді үйлестіру жаңа штаб арқылы жүзеге асырылады деп күтілуде.

НАТО Германия Украина штаб-пәтер

Тақырыпқа жаңалықтар