Әлем30 қараша 2023, 9:48

НАТО: Ресейдің Украинадағы шығыны — 300 мың әскери

НАТО-ның мәлімдеуінше, Ресейдің Украинадағы шығыны — 300 мың қаза тапқандар мен жараланғандар, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг: «Ресей әскери күштерінің айтарлықтай бөлігін жоғалтты. Алайда ол үлкен шығын Украинадағы соғыстың тез аяқталуына әкелетініне күмәнданады. Оның айтуынша, Владимир Путин құрбандарға қатысты «төзімділіктің жоғары шегіне» ие.
 
Сонымен қатар, Столтенбергтің айтуынша, Ресей «жүздеген ұшақ пен мыңдаған танктен» айырылды.

Дегенмен ол Украина тарапынан қанша шығын болғанын туралы есеп бермеді, деп атап өтті dPA агенттігі.

НАТО ресей шығыны 300 мың әскери

Тақырыпқа жаңалықтар