Әлем9 маусым 2024, 2:35

НАТО Украинаға арнайы өкіл лауазымын құруды жоспарлап отыр

НАТО Украинаға арнайы өкіл лауазымын құруды жоспарлап отыр. Foreign Policy хабарлағандай, альянстың Украинадағы «аға азаматтық өкілі» лауазымы одақтың шілде айында өтетін мерейтойлық саммитінде ұсынылуы мүмкін. Арнайы өкіл Украинаға, оның ішінде әскерилерге одақтастардың көмегін үйлестіреді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Басылым сұхбаттастарының айтуынша, мұндай қадам НАТО-ға Украинаға да, Ресейге де саяси сигнал жіберуге мүмкіндік береді.

Альянс өкілдерінің кейбірі арнайы өкілдің тағайындалуын Украинаны қолдаудың тағы бір қадамы десе, енді бірі НАТО-ға кіруге ұмтылған ел үшін «жұбаныш сыйлық» деп атайды.

Еске салайық, АҚШ пен Германия Ресеймен қақтығыстың ушығуынан қауіптеніп, биыл Украинаны НАТО-ға шақыруға қарсы болған.

НАТО Украина арнайы өкіл

Тақырыпқа жаңалықтар