"Неге бір-бірімізді өлтіруіміз керек?" Иерусалимдегі мұсылмандар не дейді
Иерусалимдегі мұсылмандар Израильдің әскери әрекеті туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
BILD-тің Иерусалимдегі тілшісі мұсылмандармен сөйлесіп, ХАМАСтың елге жасаған шабуылы мен Израильдің әскери әрекетіне қалай қарайтынын сұрады.
Абед Салам базарда жейде сатады, оның ішінде Израиль символы бар футболкаларды да сатады.
«Құдай қаласа, тыныштық орнайды. Хамас болсын, Израиль болсын, зорлық-зомбылық жақсы емес», - дейді ол.
Муссаның дүңгіршегінде теледидар қосылып тұр, одан арабша «әл-Жазира» жаңалықтар арнасының жүргізушісі хабар таратады. Журналист Мұссаға Израильдің оңтүстігінде лаңкестер өлтірген әйелдер мен балалардың фотосуреттерін көрсетті.
«Хамас тек сарбаздарды өлтіреді, балаларды емес. Хамас Құранды ұстанады, фотосуреттер жалған, өйткені араб телеарнасында мұндай ештеңе көрсетілмеді, деді ол.
27 жастағы Хасан да ХАМАС содырларының қиянатына сенбейтінін және өлтірілген балалар мен әйелдердің фотосуреттерін жалған деп санайтынын айтады.
Антиквариат дүкенінің иесі, 78 жастағы Байдунның көзқарасы әлдеқайда мейірімді.
«Неге біз бір-бірімізді өлтіруіміз керек? Бұл хикмет емес, бұл шайтаннан. Бір қатені көп қатемен түзету мүмкін емес. Қатені түзетудің жолы – дұрыс бағыт – бейбітшілікті таңдау», – дейді Байдун ХАМАС-тың Израиль аумағына жасаған шабуылының «қателігіне» сілтеме жасап.