Неміс сарапшысы: Украинаны қолдау Еуропаға арзанға түсіп отыр
Неміс сарапшысы Украинаны қолдау Еуропаға арзанға түсіп отыр деп, қолдауды күшейтуге шақырған хатқа қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Берлиндегі Германияның сыртқы саясат қоғамының аға сарапшысы Бенджамин Таллис DW-ге берген сұхбатында Батыстағы көптеген адам қазір Украинаның жеңісін қолдаудың бізге керемет пайдалы екенін түсінбейді деді.
Ол Еуропаның жетекші сараптамалық орталықтарының 20-дан астам сарапшысының еуропалық азаматтар мен үкімет басшыларына арнаған үндеуіне қол қойды.
Қол қойғандар өнеркәсіпті жұмылдыруды және Украинаға әскери жеткізілімді көбейтуді талап етеді.
Таллистің пікірінше, егер Ресей Украинада жеңілмесе, қорғаныс шығыны - қырғиқабақ соғыс кезіндегі шығын деңгейіне дейін артады.
«Ал бұл ЖІӨ-нің 3-тен 3,5 пайызына дейін. Менің ойымша, бұл жылына 120 миллиард еуро шамасында. Ең үлкен қарсыластарымыздың бірін, әлемдегі ең үлкен жауларды жеңу үшін жұмсап жатқан ЖІӨ көлемін ескерсек, Украинаға қазіргі қолдау біз үшін өте арзан», - дейді Таллис.