Айтыстан 6 айға шеттетілген Мақсат Ақанов тойда арнау айтты

Айтыскер ақын Мақсат Ақановтың тойда домбыра ұстап, көпшілікке арнау айтып тұрған видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кадрларда ақын той сахнасында өнер көрсетіп, өлең арнап отырғаны көрінеді. Алайда бейнежазбаның нақты қашан түсірілгені әзірге белгісіз.

Еске салайық, Мақсат Ақанов бұған дейін Маңғыстау облысының Шайыр ауылында өткен айтыстан кейін көпшіліктің сынына қалған еді. Айтыс ауылдың 100 жылдығына арналған. Әлеуметтік желіде ақынның сахнадағы әрекеті мен айтқан сөздерінен үзінді тараған. Бірқатар ақпарат құралдары оның сахнаға мас күйде шыққанын жазды.

Осы оқиғадан кейін Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Аманжол Әлтай ақынның алдағы алты ай бойы Одақ ұйымдастыратын ресми айтыстар мен шараларға қатыса алмайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Шайыр ауылындағы шара Айтыс одағының ресми күнтізбесіне енбеген. Оны жергілікті азаматтар мен жеке демеушілер ұйымдастырған. Соған қарамастан, Одақ ақынның сахнадағы әрекетіне байланысты тәртіптік шешім қабылдаған.

Айтыс Шайыр ауылы Бейнеэазба өлең

Тақырыпқа жаңалықтар