Нигерияның орталығындағы Плато штатында болған қарулы шабуыл салдарынан кем дегенде 160 адам қаза тауып, тағы 300-ден астам адам жарақат алды. Бірнеше елдімекеннің тұрғындары тағы қарулы шабуыл болады деп қорқып, үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Еuronews жария етті.
Сенбі және жексенбі күндері Нигерияның Плато штатындағы бірнеше кентте қарулы адамдар жасаған шабуылдан кемінде 160 адам қаза тапты, деп хабарлайды Франс-Пресс ақпарат агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.
Бұған дейін 16 адам мерт болғаны айтылған.
300-ден астам адам жарақат алды, үш мыңнан астам адам шабуыл қайталанады деп қорқып, үйлерін тастап кетуге шешім қабылдады.
Бұл аймақта соңғы бірнеше жыл діни және этникалық қақтығыстар жалғасып келеді.
Amnesty International құқық қорғау ұйымы шабуылдардан кейін Нигерия үкіметін сынап, биліктің «Плато штатындағы елді мекендерге жиі жасалатын шабуылдарды» тоқтата алмағанын айтты.