Нигериядағы жанкешті жарылыстар: кем дегенде 18 адам қаза тапты
Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында лаңкестік шабуылдардан кемінде 18 адам, оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер қаза тапты. Тағы кемінде 42 адам жарақат алды, олардың 19-ы ауыр жарақат алып, Майдугури қаласының әкімшілік орталығындағы ауруханаларға жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жарылғыш құрылғылар Гвозаның бірнеше жерінде, үйлену тойында, сосын жерлеу рәсімінде және ауруханада іске қосылған.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, кем дегенде екі жанкешті әйел жарылыс жасаған.
Оның бірі арқасына баласын салып алған, деді штат полициясының өкілі.
Аймақта әрекет ететін топтардың ешқайсысы шабуылдарға қатысы бар екенін мәлімдеген жоқ.
Сонымен қатар, мұндай лаңкестік әрекеттерді террористік шабуыл жасау үшін әйелдер мен қыздарды жиі пайдаланатын «Боко Харам» радикалды исламдық тобы бірнеше рет жасаған болатын, деп еске алады Франс Пресс.