Nikkei: Путин Си Цзиньпинге Украинаға қарсы бес жыл күресуге уәде берген
Владимир Путин Си Цзиньпинге Украинаға қарсы бес жыл күресуге уәде берді. Бұл наурыз айында Путин мен Си Цзиньпиннің Мәскеуде кездесуі кезінде болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жапонияның Nikkei басылымы Қытай мен Ресей арасындағы дипломатиялық байланыстар туралы білетін көптеген дереккөзге сілтеме жасайды.
Басылымның жазуынша, Путин осылайша Қытайдың қолдауын сақтап қалу үшін блицкригтің сәтсіз аяқталуына қарамастан, Си Цзиньпинді өзінің болашақ жеңісіне сендірмек болған.
Бұл Ресейдің келіссөздерге дайын екендігі туралы ақпарат елес екенін білдіреді, деп атап өтті Nikkei.
Басылым, сондай-ақ, Пекин тарапы Мәскеудің Украинаға шабуылынан кейін Ресейге әлдеқайда аз сене бастағанын жазады, оның алдында Путин Симен кездесіп, оған алдағы соғыс туралы бір ауыз сөз айтпаған.