Әлем23 қыркүйек 2023, 17:22

Норвегияға қашып кеткен экс-вагнерлік Норвегия-Ресей шекарасында ұсталды

Норвегияға қашып кеткен экс-вагнерлік Норвегия-Ресей шекарасында ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол Ресей Федерациясына оралуға әрекеттенген. 

Норвегия полициясы жұма күні қараусыз қалған Гренсе Якобсельве ауылында қараңғыда шекараны кесіп өтпек болған ер адамның ұсталғанын растады. Бірақ ұсталған адамның аты-жөнін жарияламады.

Норвегиялық The Barents Observer басылымы осыдан бірнеше сағат бұрын қаңтарда Норвегияға қашып, сол жерден баспана сұраған "Вагнер" ЖӘК бөлімшелерінің бірінің бұрынғы командирі Андрей Медведевпен сөйлесті.

Медведев Украинаға экстрадициялануы мүмкін екенін түсіндіріп, қайтқысы келетінін айтқан.

Бұған дейін Медведев қамауға алу кезінде полициямен төбелесіп, шабуыл жасағаны үшін Ослода қамауға алынған болатын.

Сот оны қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орында пневматикалық қару алып жүргені үшін 14 тәулікке қамауға алыпты.

Бірнеше айдан кейін бұрынғы вагнерлік Норвегияда өмірі дұрысталмаған соң, үйіне оралуына көмектесу үшін Ресей елшілігіне жүгінгенін айтқан екен.

 

экс-вагнерлік Норвегия Ресей қашқын

Тақырыпқа жаңалықтар