Әлем29 желтоқсан 2023, 14:00

Өлең оқығаны үшін 7 және 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Өлең оқығаны үшін 7 және 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мәскеу соты бұл жазаны Маяковский оқуларына қатысушылар Артем Камардин мен Егор Штовбқа тағайындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сот оларды «ЛПР» және «ДХР» қарулы құралымдары мүшелеріне қарсы топтық қоздыру», «мемлекет қауіпсіздігіне қарсы әрекетке шақыру» бойынша кінәлі деп таныды.

Сот ғимаратының жанында бірнеше адам ұсталды. Олардың арасында журналистер де бар, НТВ және Life телеарналарының қызметкерлері де болды. Кейін журналистер босатылды.

Камардин мен Штовб 2022 жылдың қыркүйегінде Мәскеудегі Триумфаль алаңындағы Маяковскийдің ескерткішінің алдында  өлең оқыған.

Тергеу оларда шақыру қағазын алмау және әскери комиссариаттарға келмеу туралы үндеулері болғанын алға тартты.

Маяковский өлеңдері сотталды Мәскеу

Тақырыпқа жаңалықтар