Өзіне шабуылдаған аюды өлтіріп, аю етін жарты жыл бойы жеп жатыр
Швецияда ер адам өзіне шабуыл жасап, бетінің бір бөлігін жұлып тастаған аюдың етін алты ай бойы жеп келеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
42 жастағы Пэр Сундстрём өткен жылдың тамыз айында Швецияның Юсдаль қаласының маңында аюды кездестірді. Жануар оған шабуыл жасап, бетін жұлып алған. Сундстрем өлдім деп ойлаған кезде оған14 жастағы ұлы Эверт көмекке келген.
Пэр мен Эверт алысып жүріп, ақыры аюды жеңді. Ауыр жараланған Пэр ұзақ уақыт ауруханада емделіп жатқан. Оның жолдастары аюдың етін бұзып, мұздатқышқа салып қойыпты. Аю еті қазір Sundström отбасының басты мәзіріне айналған.
«Біз бұл еттен тако салмасын жасаймыз. Ет қошқыл қара, талшықтары ірі, дәмдеуіштерді көп қажет етеді. Бетімді жұлып алған аюдың етін такоға толтырып жеу, менің ойымша, одан кегімді алғанмен бірдей», - деді Пэр жергілікті Aftonbladet газетіне.
Сонымен қатар, Пэр мен Эверт бірге аю етінен гуляш, кәуап және чёттбуллар, яғни дәстүрлі швед фрикаделькасын дайындады. Сундстрём аюмен алысқанын еш уақытта ұмыта алмайды. Оның бетіндегі тістеген жара әлі де анық көрінеді, ал тыртықтары, шамасы, өмір бойы қалатын секілді. Оған бірнеше пластикалық ота жасалды, келесі жылы тағы да ота жоспарланған.
«Дәрігерлер мұрнымды қалпына келтіріп, көп нәрсені түзеткісі келеді. Мұрным бұрын қандай болды, тап солай істейміз деп отыр хирургтар», - деді ол.