Путин Грузия азаматтары үшін визасыз режимді кеңейтті
ФОТО: РФ ррезидентінің баспасөз қызметі
RF prezïdentiniñ baspasöz qızmeti
Әлем11 қазан 2024, 17:34

Путин Грузия азаматтары үшін визасыз режимді кеңейтті

Путин Грузия азаматтары үшін визасыз режимді кеңейтті. Енді визасыз кіру режимі еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында немесе Ресей Федерациясында уақытша болу үшін, оның ішінде білім алу үшін 90 күннен астам мерзімге Ресей Федерациясына келетін Грузия азаматтарына қолданылады. Бұған дейін Грузия азаматтарының бұл санаттары Ресейге визасыз кіруге немесе одан шығуға құқығы жоқ болатын. Владимир Путиннің тиісті жарлығы 10 қазанда құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланып, бірден күшіне енді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Грузия азаматтары үшін визасыз режимнің кеңеюін екі ел арасындағы қарым-қатынастың динамикасымен байланыстырмауға шақырды.

Бұған дейін Еуропарламент «Ресейдің Грузиядағы ықпалының күшеюіне» алаңдаушылық білдіретін қарар шығарған.

Путин визасыз режим Грузия

Тақырыпқа жаңалықтар