Әлем11 маусым 2024, 18:00

Путин Солтүстік Кореяға барады

Ресей президентінің КХДР мен Вьетнамға сапары алдағы апталарда өтеді, деп жазады «Ведомости» газеті дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап, - деп хабарлайды Arbat.media.

Путин Пхеньянда ел билеушісі Ким Чен Ынмен Батыстың санкциялық қысымы жағдайында Ресей Федерациясы мен КХДР арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту, сондай-ақ Ресейден Кореяға туризмді дамыту мәселелерін талқылайды.

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Қытай және қазіргі Азия институты жанындағы корейтану орталығының жетекші ғылыми қызметкері Александр Жебин «Ведомости» басылымына берген түсініктемесінде айтты.

Путин Солтүстік Корея сапар

Тақырыпқа жаңалықтар