Әлем30 наурыз 2024, 14:00

Ресей Бас штабы: Әскерге шақырылғандар басып алынған аумақтарға жіберілмейді

Ресей Бас штабы әскерге шақырылғандар басып алынған аумақтарға жіберілмейді деп уәде берді. Көктемгі шақыру кезінде әскер қатарына шақырылатындар Украинадағы оккупацияланған аумақтарға немесе ұрыс аймағына жіберілмейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен бірге, «әскери міндеттілердің» Украинамен шекаралас аймақтарға, мысалы, Белгород облысына қызмет етуге жіберілгені белгілі.

Әскерилердің айтуынша, Ресейдің көптеген аймақтарында көктемгі әскерге шақыру 1 сәуір мен 15 шілде аралығында өтеді.

15 сәуірде әскерге шақырылғандарды жиын пункттерінен әскери қызметке жіберуді бастау жоспарлануда.

Оның мерзімі бұрынғыдай 12 ай болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл шақыру жаңа ережелер бойынша өтеді.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей әскерге шақыру жасының жоғарғы шегін 27 жастан 30 жасқа дейін көтерді.

Бірақ 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін 27 жасқа толған азаматтар әскерге шақырылмайды.

Әскерге шақырудың төменгі шегі өзгеріссіз қалды – шақыру қағазы 18 жасқа толғандарға жіберіледі.

Ресей Бас штабы Әскер басып алынған аумақтар

Тақырыпқа жаңалықтар