Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қайта орала алмады
Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қайта орала алмады, - деп хабарлайды Arbat.media.
БҰҰ Бас ассамблеясы Ресей Федерациясының кандидатурасын мақұлдамады.
Мәскеу Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс басталғаннан кейін Кеңестен шығарылды.
Сейсенбі күнгі жасырын дауыс беруде Ресей Болгария мен Албаниядан аз дауыс жинады.
193 елдің 83-і Ресей Федерациясына, 160-ы Болгарияға, 123-і Албанияға дауыс берді.
Осылайша, Кеңестегі Шығыс Еуропа елдеріне бөлінген екі бос орынға Болгария мен Албания ие болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: