Әлем15 желтоқсан 2023, 15:00

Ресей дрондары Румынияның әуе кеңістігін тағы да бұзды

Ресей дрондары Румынияның әуе кеңістігін тағы да бұзды, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
14 желтоқсанға қараған түні Германияның Eurofighter ұшағы НАТО-ның оңтүстік-шығыс қанатын қорғау үшін Румыния аспанына көтерілді.

Ұшқыштар Ресей Федерациясынан Украина бағытында ұшырылған Шахед-136 типті 70 дрондарын көзбен анықтады.
 
Алдын ала мәліметтер бойынша, Румынияның әуе кеңістігінде бір дрон жарылған, Украинамен шекарадан 6,5 шақырым жерде тереңдігі бір жарым метрлік жарылыс кратері анықталды. Оқиға «ауыр» деп бағаланып отыр.
 
Бұған дейін Румыния билігі Ресейдің Украинаның Дунай порттарына жасаған шабуылына байланысты елдің әуе кеңістігін бұзғаны туралы бірнеше рет хабарлаған.

Ресей Дрон румыния әуе кеңістігі

Тақырыпқа жаңалықтар