Ресей Федерациясы тәліптерді лаңкестер тізімінен шығаруы мүмкін
Ресей Федерациясы тәліптерді лаңкестер тізімінен шығаруы мүмкін. "Бұл мәселені Ресей Сыртқы істер министрлігі, Ресей Әділет министрлігі және Ресейдің басқа да тиісті ведомстволары зерттеп жатыр. Түпкілікті шешімді елдің жоғарғы саяси басшылығы қабылдайды", - деп жариялады Gazeta.Ru агенттігіне Ресей Сыртқы істер министрлігі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігі Ресейде тыйым салынған тәліптерді Қазанда өтетін ислам форумына шақырғаны белгілі болған.
Радикалды ислам қозғалысының делегациясы мамыр айында өтетін «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» форумына қатысуға шақырылады.
Сыртқы істер министрлігі Азияның екінші департаментінің директоры Замир Кабулов ТАСС агенттігіне Ресейдің Ауғанстандағы «Талибан» үкіметімен антитеррорлық іс-қимылдар тақырыбы бойынша «тұрақты негізде» ынтымақтастықта екенін айтты.