Ресей ІІМ Украина президенті Владимир Зеленскийге іздеу жариялады
Ресей Ішкі істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийге іздеу жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW жариялады.
Ведомствоның сайтында жарияланған картада оның «Қылмыстық кодекстің бабы бойынша» іздеуде жүргені жазылған, бірақ қай бабы бойынша екені көрсетілмеген.
Бұған дейін Ресей билігі Украинаның шенеуніктері мен саясаткерлерін іздеуге жариялаған болатын.
Осылайша, 2023 жылы Ресейде Бас барлау басқармасының басшысы Кирилл Будановқа іздеу жарияланған.
Украинаның экс-президенті Петр Порошенко да Ресей Федерациясында іздеуге жарияланған болатын.
Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің деректер базасында Порошенкоға «Қылмыстық кодекстің бабы бойынша» не үшін айыпталғаны белгісіз деп жазылған.
Зеленский мен Порошенкодан кейін Ресей Ішкі істер министрлігі Украина қарулы еүштері құрлық әскерлерінің қолбасшысы Александр Павлюкке іздеу жариялады.
Украинаның екі президентіндегідей, іздеу жарияланған тізімде оның «Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабы» бойынша іздеу жарияланғаны ғана жазылған.