Ресей мектептерінде ұялы телефондарға тыйым салынады
Ресей мектептерінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекеттік Дума үшінші және соңғы оқылымда мектептерде ұялы телефондарды пайдалануға мүлдем тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.
Телефонды білім беру мақсатында да қолдануға болмайды.
Жалғыз ерекшелік төтенше жағдайларға қалды.
Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володиннің айтуынша, қабылданған шешім балалардың білім сапасын арттырады.
Заң Федерация Кеңесінде мақұлданып, оған Владимир Путин қол қоюы керек.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: