Әлем28 сәуір 2024, 11:34

Ресей — селфиден өлгендер бойынша ТОП-3 елдің қатарында

Ресей селфиден қайтыс болғандар саны бойынша ТОП-3 елдің қатарына енді. Бұл статистиканы BILD шолушысы Коля Гэртнер ұсынады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол «селфи» ұғымы 2002 жылы Австралияда пайда болғанын жазады.

Содан бері өзін-өзі таныстыруға деген құштарлық жүздеген адамның өмірін қиды.

2014-2023 жж әлемнің 49 елінде 399 адам селфи жасамақ болып көз жұмған.

Оның 190-ы — Үндістаннан, 29-ы — АҚШ-тан, 18-і — Ресейден.

Ең қауіпті селфи Үндістанда болды: 2022 жылдың шілдесінде Джайпур маңындағы Эмбер Форт мұнарасында селфи жасап жатқан бір топ адамды найзағай соғып,11 адам тіл тартпай кеткен.

Германияда селфи әуесқойлары арасында танымал ең қауіпті жер – Бавариядағы Кенигсбах сарқырамасы.

2019 жылы сол жерде Саксониядан келген екі турист қайтыс болды, содан кейін оған кіру жабылды.

Суретте — қытайлық София Чунг.

Ол 2021 жылы Гонконг маңындағы сарқыраманың шетінде селфи жасаймын деп, абайсызда құлап ажал құшқан. 

селфиден өлгендер Ресей ТОП-3

Тақырыпқа жаңалықтар