Ресей түнде Киевке баллистикалық зымыранмен шабуыл жасады
Ресей Федерациясы түнде Киевке баллистикалық зымыранмен шабуыл жасап, 50-ден астам адам жарақат алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Таңғы 3-тер шамасында Ресей Киевке 10 баллистикалық зымыран жіберді.
Украина қарулы күштерінің мәлімдеуінше, олардың барлығын әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері атып түсірген.
Зымыран қалдықтары қаланың сол жағалауына, Дарницкий және Днепр аудандарына құлаған.
Тұрғын үйлер, балабақша ғимараты және көліктер зақымданған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің 53-і белгілі, 20 адам ауруханада жатыр.
Зардап шеккендердің арасында балалар да бар.
Жергілікті биліктің мәліметінше, адамдар негізінен әйнек сынықтарынан зардап шеккен.
Бұл бір аптада Киевке жасалған екінші зымырандық шабуыл.
Дүйсенбіге қараған түні Ресей Федерациясы да Украина астанасына баллистикалық зымыранмен шабуыл жасаған.