Placeholder
piture-alliances/dpa/S, Krasilnikov
piture-alliances
Әлем6 қыркүйек 2024, 23:22

Ресейде әнші, экс-депутат Мария Максаковаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ресей Федерациясында әнші, Мемлекеттік Думаның экс-депутаты Мария Максаковаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері хабарлады. «Шетелдік агенттер» есебінде тұрған Максакова Украина қарулы күштеріне қайырымдылық жасауға шақырды деп айыпталуда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Істің қозғалуына YouTube желісіндегі «арнайы операцияның беделін түсіретін және Украина қарулы күштеріне демеушілік көрсетуге шақыратын» видео себеп болды.

Максакова Мариин театрында солист болып жұмыс істеді және «Единая Россия» партиясынан алтыншы шақырылымдағы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты болып сайланды.

2016 жылы опера дивасы алаяқтық жасады деп айыпталған күйеуі, Коммунистік партия мүшесі Денис Вороненковпен бірге Украинаға кеткен.

Онда Вороненков Ресей билігін ашық түрде әшкерелеп, кейін қастандықпен өлтірілді.

Қазір Максакова да Украинада тұрады.

экс-депутат Ресей Мария Максакова Қылмыстық іс

Тақырыпқа жаңалықтар