Ресейде Ақшақар рөлін ойнаған дене шынықтыру мұғалімінің басы бәлеге қалды
Ресейде мектеп басшылығы нелістен Ақшақар рөлін дене шынықтыру мұғалімі ойнағанын түсіндіруге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қиыр Шығыстағы Находка қаласындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі балалар кешінде «Ал, күте тұр» мультфильміндегі Ақшақардың киімін киген қасқырды бейнелеген.
Ата-аналар мектепті «отбасылық құндылықтарды» бұзды деп айыптады.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды тек жаңа жыл мерекесімен ғана құттықтады, оның ешқандай астыртын жаман ниеті, ойы болмады, - деп ақталды мектеп әкімшілігі.
Ал әлеуметтік желіде ашуға булыққан ата-аналар прокуратурадан шара қолдануды талап етуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: