Ресейдің Украинадағы әскери қылмыстары: 133 мыңға жуық іс тергелуде
Ресей Федерациясының Украинадағы әскери қылмыстары: 133 мыңға жуық іс тергелуде. Бұл туралы Neue Osnabrücker Zeitung газетіне Украина Бас прокуратурасының неміс кеңесшісі Клаус Хоффман айтты. Ол мұндай сот істері санының көптеп артқанын атап өтті: 2022 жылдың соңында олардың саны 56 мыңға жуық болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мысал ретінде Хоффман ресейлік әуе күштерінің азаматтық нысандарға жасаған соққыларын, сондай-ақ украиналық балаларды ұрлап, күштеп асырап алуды атады.
Оның жеке пікірінше, Ресейдің әрекетін «бейбіт халыққа қарсы террор ретінде ғана сипаттауға болады».
Айта кетсек, Хофман Ресей Федерациясының толық ауқымды әскери агрессиясы басталғаннан кейін Украина Бас прокуратурасының кеңесшісі болды.
Бұрын ол бұрынғы Югославиядағы әскери қылмыстарды, әсіресе БҰҰ-ның Гаагадағы соғыс қылмыстары бойынша трибуналын зерттеген.