Әлем9 маусым 2024, 14:00

Ресейге атылып кеткен Купянскінің экс-әкімін атып тастамақ болды

Белгород облысында Ресей жағына өтіп кеткен Купянск қаласының бұрынғы әкімін атып тастамақ болды. Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы Геннадий Мацегораға қастандық жасалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Маштың" хабарлауынша, шенеунік Старый Осколдағы үйінде оққа ұшқан, бірақ аман қалғанмен,, оның жағдайы ауыр, қазір Мәскеудегі ауруханаға жатқызылды.

Украина барлауының мәліметі бойынша, толық ауқымды шабуыл басталғаннан кейін Геннадий Мацегора Ресей Федерациясымен «толық ынтымақтастыққа өз еркімен келіскен». 

Ал Украина қарулы күштері Купянскіні азат еткеннен ілген кейін  Белгород облысына қашты.

Геннадий Мацегораға Украинада елдің аумақтық тұтастығына қол сұқты, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылып отыр.

Геннадий Мацегора Украина Ресей сатқындық

Тақырыпқа жаңалықтар