Ресейге кіретін шетелдіктерді «ниеттестік келісіміне» міндеттеу жоспарланды
Ресейге кіретін шетелдіктерді «ниеттестік келісіміне» міндеттеу жоспарланды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ресей ІІМ елге кіретін шетелдіктерге «дәстүрлі отбасы құндылықтарын жоққа шығаруға» және «Ресей саясатын жамандауға» тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды ТАСС заң жобасына сілтеме жасап.
Шектеулер тізімінде «Кеңес халқының фашизмді жеңуге қосқан үлесін бұрмалау» да бар.
«Ниеттестік келісімі - бұл Ресей меморгандарының шетел азаматы Ресейге кіруіне рұқсаты, бір жағынан, ал екінші жағынан, Ресей Федерациясының ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында белгіленген тыйымдар», - деп келтіреді агенттік заң жобасынан.
Ал енді бұл келісімді бұзғаны үшін ІІМ қандай жаза қолдануды ұсынып отырғаны айтылмаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: