Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы допинг қолданғаны үшін жарыстан шығарылды
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева допинг қолданғаны үшін жарыстан шығарылды, енді Ресей 2022 жылғы Олимпиададағы алтыннан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
Спорттық арбитраж соты Камила Валиеваның ісі бойынша шешім шығарды - дисквалификация 2021 жылдың 25 желтоқсанынан бастап төрт жылға тағайындалады, делінген сот хабарламасында.
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Валиева командалық жарыста Ресей атынан шығып, команда алтынға ие болған. Содан кейін Олимпиада кезінде Валиеваның 2021 жылы желтоқсанда Ресей чемпионатында алған допинг сынамасынан тыйым салынған триметазидин препараты табылғаны белгілі болды.
Спортшы есірткінің қанға абайсызда енгенін алға тартты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: