Rheinmetall Литвада артиллериялық снарядтар шығаратын болады
Неміс қорғаныс концерні Литвада 2025 жылдың соңынан бастап жылына он мыңдаған 155 мм артиллериялық снарядтар шығаратын зауыт құрылысына 180 миллион еуро инвестиция құйып отыр. Бұл туралы Rheinmetall компаниясымен келісімге Литваның Экономика және инновация министрі Осрин Армонайте қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол келісімге қол қоюды Литваның қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы «жедел қажеттіліктерін қанағаттандыру жолындағы аса маңызды қадам» деп атады.
«Бұл бізге Батыс қарулары мен оқ-дәрілеріне үздіксіз қол жеткізуге көмектеседі», - деді Армонайте.
Зауытта кемінде 150 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Оның Литвада қашан және нақты қай жерде салынатыны әлі белгісіз.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: