Рим папасы мың жылдық дәстүрді бұзғалы отыр
Рим Папасы Франциск Әулие Петр соборында жерленуден бас тартты, - деп хабарлайды Arbat.media.
87 жастағы понтифик мың жылдық дәстүрді бұзбақ.Бұған дейінгі барлық дерлік папалар Ватикандағы Әулие Петр ғибадатханасының астындағы қорымға жерленген.
Иса Мәсіхтің ең жақын шәкірттерінің бірі Апостол Петрдің жәдігерлері де сонда жатыр.
Петр Римнің бірінші епископы, яғни бірінші папасы болып саналады.
Мексикалық N+ телеарнасына берген сұхбатында Франциск Римнің орталығындағы Санта-Мария Маджоре базиликасына жерленгісі келетінін айтты.
Папаның айтуынша, бұл оның сүйікті шіркеуі, онда ол Мария Мәрияммен және Бала Мәсіхпен бірге Салус Попули Романи («Рим халқының құтқарылуы») белгішесіне жиі дұға етуге барады.
Франциск 600 жылда алғаш рет папа билігінен өз еркімен отставкаға кеткен және папаны жерлеу рәсімдерін «өте жеңілдеткен» өзінен бұрынғы Бенедикт XVI-ға тәнті екенін айтты.
Понтификтің өзі денсаулығының нашарлығына қарамастан, әзірше тақтан бас тартуға ниетті емес.