Румыниядағы президенттік сайлауда әсіре оңшыл саясаткер күтпеген жерден көш бастады
Фото: Alexandru Dobre/AP Photo/picture alliance
picture alliance
ӘлемБүгін, 16:34

Румыниядағы президенттік сайлауда әсіре оңшыл саясаткер күтпеген жерден көш бастады

Румыниядағы президенттік сайлауда әсіре оңшыл саясаткер күтпеген жерден көш бастады. Қазіргі премьер-министр үшінші орынға түсті. Президенттік сайлаудың бірінші турында партиядан тыс кандидат, бұрын румындардың бірлігі үшін әсіре оңшыл ұлтшылдар альянсының мүшесі болған Кэлин Джорджеску 22,91% дауыс жинады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сайлау науқаны кезінде Кэлин Джорджеску Украинаға әскери көмек көрсетуді тоқтатуға шақырды және Румынияның НАТО-ға мүшелігіне күмәнмен қарады, деп жазады Франс Пресс.

Екінші орында «Румынияны құтқару одағы» либералдық партиясынан Елена Ласкони (19,17%).

Үшінші нәтиже - 19,16% - экзит-полл бойынша жеңеді деп болжанған Румыния премьер-министрі және социал-демократ  Марчел Чолакуға тиесілі.

Үздік төрттікті 13,87% дауыспен әсіреоңшыл кандидат Джордже Симион түйіндеді.

Румынияда мемлекет басшысы сыртқы және қауіпсіздік саясатын анықтайды, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып табылады және барлау қызметтерін бақылауға қатысады.

Сайлаудың екінші кезеңі 8 желтоқсанға белгіленген.

Кэлин Джорджеску румыния Президенттік сайлау

Тақырыпқа жаңалықтар