Әлем•4 сәуір 2024, 13:00

Samsung Pay ресейлік "Mир" карталарын қолдауды тоқтатты

Samsung Pay смартфондары арқылы контактісіз төлем жасау қызметі 3 сәуірден бастап ресейлік «Мир» төлем жүйесінің карталарын қолдауды тоқтатты. Қолданбаға қосылған «Мир» картасы жойылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының пайдаланушылары Samsung Pay-ге клуб карталары мен тұрақты картасын қосу және пайдалану мүмкіндігін жалғастырады, делінген Samsung ресми сайтындағы хабарламада.

Samsung Pay Ресей "Mир" карталары тоқтату

Тақырыпқа жаңалықтар