Шетелдік саясаткерлер Навальныйдың өлімі туралы
«Ресей оның бостандығы мен өмірін тартып алды, бірақ қадір-қасиетін емес». Навальныйдың өліміне саясаткерлер қандай пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
▪️"Алексей Навальныйдың түрмеде қайтыс болғаны туралы қаралы хабар мені есімнен тандыра жаздады. Оны улауға әрекеттенген, заңсыз түрмеге қамап, жүйелі түрде жантүршігерлік және адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге ұшыратқан Ресей мемлекеті оның кінәсі үшін толық жауапкершілікте екеніне күмән жоқ. Навальныйдың өлімі "орыс халқы үшін үлкен шығын. Ол шындықтың күші тіпті ең күшті және репрессиялық диктатураларға қалай қарсы тұра алатынын көрсетті. Ол Ресейдегі бостандық үшін күрескендердің үміт шамы болды", - деді ЕКПА төрағасы Теодорос Русопулос.
▪️"Әлем ерлігі туралы талай ұрпақ айтатын күрескерінен айырылды. Сахаров сыйлығының лауреаты Алексей Навальныйдың өлімін естіп есеңгіреп қалдық. Ресей оның бостандығы мен өмірін тартып алды, бірақ қадір-қасиетін емес. Оның демократия үшін күресі жалғаса береді. Біз оның әйелі мен балаларына көңіл айтамыз», - Еуропарламент төрағасы Роберта Метсола.
▪️ «Путин өз халқының басқаша ойлау, басқаша көзқарасынан басқа ештеңеден қорықпайды», - деді Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.
▪️«Қазіргі таңда Ресейде рухы мықтыларды, еркін рухы бар азаматтар ГУЛАГ-қа жіберіліп, өлім жазасына кесіледі», - деді Франция президенті Эмманюэль Макрон.
▪️ "Алексей Навальный түрмеде өлген жоқ, ол Кремльдің қатыгездігінен және оның оппозицияның аузын қалай болса да ауыздықтау мақсатынан қаза тапты. Ресей режимі оның салдарын көруі керек. Ол жауапкершілікке тартылуы керек", - деді Литва президенті Гитанас Науседа
▪️"Алексей Навальный демократиялық Ресей үшін күресті. Путин оны сол үшін азаптады. Бұл осы режимнің қылмыстық сипатының жаңа, таңқалдыратын дәлелі. Ол қайтыс болса да, Алексей жаңа Ресей үшін күрескендердің бәріне үміт сыйлайды» - деді Германияның қаржы министрі Кристиан Линднер,