Әлем11 маусым 2024, 14:12

Шольц Ресейді депортацияланған украин балаларын қайтаруға шақырды

Шольц  Ресей Федерациясын депортацияланған украиндық балаларды қайтаруға шақырды. Германия канцлері Олаф Шольц «Владимир Путин Украинадан заңсыз депортацияланған балалардың үйлеріне қайтуына ақырында рұқсат беруі керек» деді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Путин енді бұл балаларды кепілде ұстамауы керек», - деп қосты ол.

Украиналық гуманитарлық ұйымдардың мәліметі бойынша, Ресейдің жаппай басқыншылығы басталғаннан бері 19 мыңнан астам бала ата-анасынан айырылған.

Украинадағы әскери қақтығысты реттеуге арналған алдағы бейбітшілік саммитінде украиндық балаларды қайтару басты тақырып болмақ.

Саммит 15-16 маусымда Швейцарияда өтеді.

Шольц саммитте «серпіліс» болады деп күтпейді, бірақ конференция бейбітшілікке апаратын «қиын жолдағы» «алғашқы қадам» болады деп үміттенеді.

Шольц Ресей украин балалары қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар