Әлеуметтік көмекті шын мұқтаж азаматтарға беру: қандай өзгеріс болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев азаматтарға әлеуметтік көмек пен жеңілдіктер көрсету мәселесін баяндады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бірінші кезең «шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілуі тиіс» қағидатына негізделген және 36 төлемнің 14 түрін қамтитын мемлекеттік қолдаудың атаулы моделіне көшу үшін нормативтік база қалыптастыруды көздейді. Екінші кезеңде әкімдіктер көрсететін әлеуметтік көмектің 13 түрі мұқтаждық деңгейіне қарай 4 түрге біріктіріледі.
2027 жылдан бастап ардагерлерге мұқтаждық қағидаты негізінде мемлекеттік қолдауды атаулы түрде көрсету жөніндегі ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ ер адамдарға бала күтіміне байланысты демалыс берілуінің орынды екені, бөбекжайлардағы орын санын көбейту, кішкентай жастағы балаларға арналған күтушілер тапшылығын шешу арқылы бала күтімі кезеңіндегі әйелдерге екі жыл ішінде көрсетілетін қолдау форматын жетілдіру мүмкіндігі қаралды