Шварценеггер қолсағатын аукционда 270 мың еуроға сатты
Арнольд Шварценеггер өзінің қолтаңбалы сағатын қайырымдылық аукционында 270 мың еуроға сатты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қайырымдылық кешінде барлығы 1,31 миллион еуро жиналды: австриялық суретші Кристоф Палашкенің салған Арни портреті, Шварценеггер ойнаған «Конан варвар» фильміндегі қылыш және актермен бірге жаттығу мүмкіндігі бар сертификат ұсынылды, сонымен қатар басқалардың да лоттары, деп жазады Die Presse.
Түскен қаражат қоршаған ортаны қорғау саласындағы түрлі жобаларды қолдайтын, сондай-ақ жыл сайын Австрияның Дүниежүзілік саммитін өткізетін Шварцнеггер климаттық бастамасы қорына жіберіледі.
Осыдан бұрын аталмыш сағаттың кесірінен неміс кеденінде ол айыппұл төлегенін жазған болатынбыз.
Бұқаралық ақпарат құралдарының сағатқа назар аударуы, әсіресе, аукцион басталардан бір күн бұрын Мюнхен әуежайында кедендік тексеру кезінде Арнольд Шварцнеггердің ұсталуына байланысты болды. Баварияның кеденшілері швейцариялық Audemars Piguet сағатын оған арнайы жасалған сәнді бұйым деп есептеді. Нәтижесінде Шварценеггер 35 мың еуро төлеуге мәжбүр болды: кеденшілер сағаттың болжалды құнына 5000 еуро айыппұл мен 4000 еуро салық қосты.
Бірақ бұл кенеттен жасалған пиардың арқасында сағаттың бағасы өсті: актердің өзі оны 20 мың еуроға бағалады, бірақ лоттың бастапқы бағасы 50 мың еуро болды. Сағат үлгісінің бетінде Шварценеггердің денесінің суреті ойып салынған және Arnold Classic деп жазылған. Әлемде бұл сағаттың 20 данасы бар.