Швеция НАТО-ға ресми түрде қосылды
Швеция НАТО-ға ресми түрде қосылды. АҚШ Мемлекеттік департаменті Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттаманы жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол бүгіннен бастап күшіне енді. Скандинавия елі альянстың 32-ші мүшесі болды. Дүйсенбі күні НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде Швеция туын көтеру рәсімі өтеді.
Стокгольм 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Хельсинкимен бірге альянсқа қосылу туралы өтініш беруді шешті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: