Placeholder
Фото: Hasht e Subh Daily
Hasht e Subh Daily
Әлем14 қыркүйек 2024, 11:00

Тәліптер әйелдерге сатушылармен саудаласуға тыйым салды

Талибанның ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі өзінің жаңа заңы арқылы әйелдерге қатысты шектеулерді күшейтті. Атап айтқанда, әйелдерге сатушылармен саудаласуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Hasht e Subh Daily хабарлады.

Кейбір провинциялардағы «Талибанның» моральдық полициясы ер адамдарға әйелдеріне қатысты тиісті бұйрықтар шығарғаны атап өтілді. Олар әйелдер сатушылармен саудаласқан кезде олардың дауысын бейтаныс ер адамдар еститінін және бұл «еркектерді азғыратынын» алға тартты.

Талибандардың пікірінше, әйелдер сөйлеспей, саудаласпай сауда жасауы керек.

Мораль полициясы өздерінің жаңа заңдарын орындау үшін зорлық-зомбылық әрекетін күшейтті делінеді. Азаматтар бұл заңға қатты алаңдаушылық білдірді. Олар бұл қысым, кек алу, қуғын-сүргін және жаппай қорлау секілді жағдайларды тудырады дейді. «Талибан» әйелдердің қолғап киіп, бетін толығымен жабуы керек екенін алға тартты.

 

тәліптер Әйелдер саудаласу тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар