Тасқын: Баварияда ормандағы ағашта 52 сағат болған әйел аман қалды
Баварияда су тасқыны кезінде ормандағы ағашта 52 сағат болған әйел аман қалды. Баварияның Кемптен қаласының полициясы 32 жастағы әйелді дрон арқылы тауып алып құтқарды. Әлсіреген және сусызданған әйел ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің айтуынша, ол іс жүзінде аса зардап шекпеген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бавариялық әйел Ной-Ульм маңындағы су басқан Сильбервальд орманында жексенбі, 2 маусымнан бері жоғалып кеткен болатын.
Ол орманда серуендеп жүргенде су тез көтеріле бастады, нәтижесінде судан екі метр биіктікте құлаған ағаштың басынан пана тапты.
Полиция өкілінің айтуынша, әйел ұялы телефоны арқылы өрт сөндіру және құтқару қызметіне хабарласа алған, содан кейін оның телефоны жанып кеткен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: