Тоқаев Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Ақорда жазды.
Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тілеген.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бұған дейін 10 тамызда Украина тарапының бастамасымен тклефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбітшілік орнауына сөзсіз мүдделі екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазіргідей өте күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты түрде шешу маңызды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: