Әлем26 қазан 2023, 13:15

Трамптың қолдаушысы АҚШ Өкілдер палатасының спикері болып сайланды

Трамптың қолдаушысы АҚШ Өкілдер палатасының спикері болып сайланды, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Майк Джонсонның кандидатурасын 220 республикашыл конгрессмен қолдады.

Хабарларға қарағанда, ол Ресей басқыншылығы басталған кезде Украинаны қолдайтынын айтқанына қарамастан, Киевке 40 миллиард долларлық көмек көрсету пакетіне қарсы дауыс берген.

Сонымен бірге Джонсон Израильді қолдауға дайын екенін мәлімдейді.

«Біз Таяу Шығыс пен әлемді Хамас лаңкестік режимінен тазарту үшін қажетті қолдау мен ресурстарды қамтамасыз етеміз», - деді ол америкалық The Hill басылымына.

Трамптың қолдаушысы АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон

Тақырыпқа жаңалықтар