Түркия Израиль президентінің ұшағын өз әуе кеңістігіне кіргізбеді
Түркия Израиль президентінің ұшағын өз әуе кеңістігіне кіргізбеді. Осыған байланысты Ицхак Герцог Әзірбайжандағы БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына (COP29) сапарын тоқтатуға мәжбүр болды, деп жазады израильдік Yedioth Ahronot газеті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның айтуынша, Израиль министрлері Грузия арқылы коммерциялық рейстермен Бакуге бару арқылы форумға қатыса алды.
Түркия мен Израиль билігі арасындағы дипломатиялық арналар арқылы қарқынды келіссөздер бірнеше күн бойы жалғасты, бірақ нәтиже бермеді, деп хабарлайды басылым.
Бұл ретте Әзірбайжан билігі өз тарапынан климат жөніндегі конференцияға барлық тараптардың қатысуы үшін жағдай жасады.
Герцогтың кеңсесі бұған дейін Израиль президентінің Бакудегі форумға сапары қауіпсіздік мәселелеріне байланысты тоқтатылғанын хабарлаған.