Әлем5 мамыр 2026, 10:49

Түркияда 60 см-ге дейін қалың қар жауды

Түркияда 60 см-ге дейін қалың қар жауды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Измир, Болу, Денизли және Адана облыстарында бір күнде 60 сантиметрге дейін қар жауып, бірқатар қалааралық жолдарда көлік қатынасы қиындады. Кей жерлерде бүршік жарған жеміс ағаштары үсіп кеткен.

Ал Түркияның оңтүстік шығысындағы Газиантеп және Шанлыурфа өңірлерінде сұрапыл дауыл соғып, үйлердің шатырларын ұшырды. Ағаштар қопарылып, бір мешіттің мұнарасы құлады.

Газиантепте 22 жастағы қыздың үстіне шатыр қирандылары құлап, мерт болды. Дауыл кезінде 29 адам түрлі жарақат алған.

түркия Қар Аудан жауды
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар