Түркияда полиция қызметкері әріптестерін атып тастады
Адыяманда полицей бөлімшеде кезекшілікте жүрген әріптестеріне шабуыл жасады. Оқиға Адыяман-Алтыншехир полиция бөлімінде болған. Болжам бойынша, полиция бөлімшесінде кезекшілік атқарған ер адам белгісіз себептермен басқа полицейлерге тапаншадан оқ жаудырған. Оқиғадан кейін жарақат алған полицейлердің бар екені, олардың кейбірінің жағдайы ауыр екені белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Haber телеарнасы жариялады.
Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая шабуылда ауыр жарақат алған екі полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, сонда қайтыс болғанын айтты.
«Аталған факті бойынша сот және әкімшілік тергеу басталды», - деп хабарлады қала әкімдігі.
Оқиғаға кінәлі адам аяғынан жарақат алған. Ол қамауға алынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: