Әлем5 сәуір 2024, 15:34

Украин босқын балаларға сексуалдық зорлық көрсеткен неміс шенеунігі сотталды

Неміс шенеунігі украиндық босқын балаларға сексуалдық зорлық көрсеткені үшін 8 жылға сотталды. Гамбург соты 43 жастағы мемлекеттік қызметкерді бірнеше ай бойы украиндық босқындар отбасынан шыққан 7 және 11 жастағы балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ер адамның өзі бұл отбасына Ресей Федерациясының әскери агрессиясынан Германияға қашып кетуіне көмектескен, содан кейін ол «қорғаушы» ретінде украиндарды депортациямен қорқытқан. 

Неміс шенеунік өз көлігінде және Майн-Франкфуртке барған кезде әрекетін суретке түсіріп, балаларға зорлық-зомбылық жасаған. Сондықтан сот оны балалар порнографиясын түсіргені үшін де кінәлі деп тапты.

неміс шенеунігі Гамбург соты Украин босқын балалар сексуалдық зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар