Украина бойынша Бейбітшілік саммиті 15-16 маусымда Швейцарияда өтеді
Украина бойынша Бейбітшілік саммиті 15-16 маусымда Швейцарияның Бургенсток қаласында өтеді. Бұл туралы Швейцария үкіметі мәлімдеді. Оған ел ресми түрде 160-тан астам делегацияны шақырды, оның ішінде G7, G20 және БРИКС елдері. Ресейді қатысуға шақырмады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Foreign Policy басылымына берген сұхбатында конференцияның басты мақсаты – ұстанымдары мен көзқарастары ортақ елдердің коалициясын құру деп түсіндірді.
Ол Бургенстоктағы кездесудің қорытындысы бойынша Ресей Федерациясымен байланыс орнатуға болатынын, өйткені соғысты екі тарапсыз аяқтау мүмкін еместігін атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: