Әлем21 мамыр 2024, 18:45

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі: Ресейде жұмыс күші тапшы

«Жұмыс күшінің тапшылығы, кем дегенде, ішінара Ресейдің Украинадағы соғысынан туындады, бұл еңбекке қабілетті халықтың бір бөлігін жұмылдыруға және кейбір білікті жұмысшылардың әскерге шақырудан аулақ болу үшін эмиграциясына әкелді», - деп жазады Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жұмысшылардың тапшылығын Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холлдағы" терактіден кейін енгізілген мигранттарды жұмысқа орналастыруға шектеулер де қиындатып отыр.

Алайда, Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің бағалауы бойынша, Ресей экономикасы 2024 жылы 3%-ға дейін өсуді көрсетуі мүмкін.

Ресейдегі жұмыс күші тапшылығы 2023 жылы 4,8 миллион адамды құрады.

Мұндай мәліметтерді өткен жылдың соңында «Известия» газеті жариялады.

Басылым кадр тапшылығының ең қатты өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және көлік-логистика салаларында сезілетінін атап өтті.

Ресей жұмыс күші тапшы

Тақырыпқа жаңалықтар