ӘлемКеше, 20:36

“Үндістандағы ұшақ апаты”: Ұшқыш анасының қазасынан кейін жанармайды өшірген болуы мүмкін

Үндістанда 260 адамның өмірін қиған Air India рейсінің апатына байланысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеудің негізгі назарында – ұшқыштардың әрекеті мен әуе кемесінің техникалық жағдайы.

Еске салайық, 12 маусымда Air India әуекомпаниясына тиесілі Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмадабадтан Лондонға ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Бортта болған 241 адам және жерде тағы 19 адам қаза тапты. Тек бір жолаушы ғана аман қалды.

Мамандардың айтуынша, ұшқаннан кейін бірден кабинадағы екі жанармай беру жабдығы "өшірілген". Бұл қозғалтқыштарға жанармай беруді тоқтатты. Бұл ауыстырғыштарда қауіпсіздік механизмі бар – оларды кездейсоқ басып қалу немесе қозғау мүмкін емес. Оларды өшіру үшін арнайы көтеріп, бұру керек.

Ұшақты көмекші ұшқыш – 28 жастағы Клайв Кундер (ұшу уақыты – 3400 сағат) басқарған. Командир – 55 жастағы Сумит Сабхарвал (8200 сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар) әріптесінің әрекеттерін бақылап отырған.

БАҚ мәліметінше, соңғы жылдары Сабхарвал бірнеше рет еңбекке жарамсыздық парағын алған. Оның психикалық денсаулығына байланысты қиындықтары, депрессиясы болған, анасының өлімін ауыр қабылдағаны айтылады. Алайда ресми түрде Air India әуекомпаниясы ұшқыштың барлық медициналық тексеруден өткенін және ұшуға рұқсаты болғанын мәлімдеді.

Пилоттардың бірі әріптесіне: "Неге жанармайды өшірдің?" – деген сұрақ қойған. Ал екінішісі олай жасамағанын айтып, жауап берген. Бірнеше секунд ішінде олар жанармай беруді қалпына келтіруге тырысқан, бірақ тым кеш болған – қозғалтқыштарды қайта іске қосуға биіктік те, уақыт та жетпеген.

Ұшақ техникалық тұрғыдан жарамды болғаны, салмағы норма шегінде екені, қауіпті жүк тасымалданбағаны айтылды. Жанармай тексеруден өткен, ал ұшу бағыты бойынша құс белсенділігі себеп ретінде алып тасталды.

Алайда қаза тапқандардың туыстары есеп қорытындыларымен келіспейді. Олар әуе компаниясы мен билікті қаза тапқан ұшқыштарды кінәлі етіп көрсеткісі келеді деп айыптап отыр.

2018 жылы АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы (FAA) егер жанармай беруді өшіруге қарсы қорғаныс механизмі істен шықса, Boeing ұшақтарында жанармайдың кенеттен өшу қаупі бар екенін ескерткен. Алайда Air India компаниясы FAA-ның ұсыныстары міндетті емес деп есептеп, қосымша тексеру жүргізбеген.

Үндістан Ұшақ Апат рейс
14 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар