ӘлемБүгін, 13:12

Ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 13 адамның барлығы жан тапсырды

Перудің оңтүстігіндегі әйгілі Наска сызықтарының маңында туристік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 13 адамның ешқайсысы аман қалмады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала мәлімет бойынша, Cessna Caravan C-208 ұшағы Писко әуежайынан ұшып шыққаннан кейін төтенше жағдай туралы хабар берген. Арада көп ұзамай әуе кемесі радардан жоғалып, Наска қаласына жақын маңда жерге құлаған.

Ұшақта 11 шетелдік турист пен екі экипаж мүшесі болған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде әуе кемесі толықтай өртеніп кеткендіктен, борттағы адамдарды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Ұшақ Әуежай Экипаж оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар